Мал саны артты дегенмен тыныштығымыз азайды.
Тым үлкен үйлерде тұрамыз, бірақ отбасымыз шағын.
Жағдайымыз жақсарды, технология дамыды бірақ, заманымыз қиындады.
Дипломымыз жоғары, әйтсе де сұраныстар артты.
Дәрігерлер көбейді бірақ, ауру да көбейе түсті.
Көп ақша жұмсаймыз бірақ, аз садақа береміз.
Көпшілікпен көп араласамыз, бірақ жақсы көре бермейміз.
Айға аяқ бастық, бірақ көршінің есігін де қаға алмадық.
Ақша табуды үйрендік, бірақ отбасы құруды және оған ие болуды үйрене алмадық..
бірақ..
жаңғақ / асқабақ
Қожанасыр бір күні ауылдан қалаға келе жатыпты. Жолда шаршап, бір алқапта демалып алғысы келеді. Айналасына бір қарап, жайқалған жаңғақ ағашқа сүйеніп аяқ созады. Жаңғақ ағашқа таңырқай қарап, ойланады: "Жаратқан Ием, ақиқатына ақылымыз жетпейді! Жіп жіңішке сабақтан үлкен бір асқабақ жаратасың, ал алып ағаштан кішкентай жаңғақ жаратасың, бұнын сыры неде екен..", - деп жатып, көзі ілініп кетеді. Біраз уақыттын соң, жақсы ұйықтап бара жатқатыр екен, бір жаңғақ тура басына түседі. Қожанасырдың басы қатты ауырып, жанына батады. Ұйқысынан бірден оянып: "Жаратқан Ием, Ақиқатына құрбан болайын! Сен ең жақсысын білесің! Қазір әлгі асқабақ мына жаңғақтың орнында болса, менің жағдайым не болар еді?!",- дейді
жүрегі бүлінбесе болғаны
Бір билеушінің көптеген күңдері болатын. Араларында өте әдемі сұлулар болғанына қарамастан бір қара күңге көбірек назар аударатын. Басқалардың мұны қызғанатынын сезген патша оларға бір-бірден үсті гаухарлармен жабылған әшекейлі ыдыстан береді. Өте бағалы ыдыстарды таңданып ұстап тұрған күңдеріне патша:
- Әрқайсысың қолдарыңдағы ыдысты жерге ұрып сындырыңдар, - дейді.
Сұлу күңдер сыйлықтарын кеуделеріне басып: - Қожайынымыздың бұндай бағалы сыйлығын қалай сындырамыз?, - десе, қара күң ғана патшаның бұйрығын екі етпестен орындайды. Ыдыс сынып быт-шыты шығады. Патша:
- Басқа күңдер осыншама бағалы ыдысты сындыруға қимағанда, сен неге сындырдың?, - деп сұрайды. Сонда қара күң:
- Маған қожайынымның көңілі маңыздырақ, ыдыстың қандай құны бар дейсің. Қожайынымның жүрегі бүлінбесе болғаны, - деп жауап береді.
әке мен бала

Ескірмейтін әңгіме
Әке мен бала жайында.
Сөз емес босқа айтылған
Перзентім, сен де пайымда.
Бір жігіттің үйленіп,
Ұл өсірген кезі екен,
Отбасының кетірген
Берекесін сөз екен.
Жақтырмай қайын атасын
Жамандайды әйелі
Күйеуіне қуғызып,
Жіберуден дәмелі.
Қарт әкеге күн бермей,
Жалған сөз де тереді.
Құлағының етін жеп,
Күйеуін мүжи береді.
Қимай туған әкесін
Қиналып сорлы баласы,
Әйелімен ұрыстың
Жиілей берді арасы.
От пен судың ортасын
Тұрақтап жігіт күн кешті.
Ызыңдаған әйелдің,
Сөзінен зардап мұң кешті.
Ажырасып кетуге,
Баласын жетім етуге,
Жігіттің дәті бармады
Бойдақ болып өтуге.
Ызаланған әйелі
Шартын айтты еріне
Кетпесе әкең бұл үйден,
мен кетем деп еліме.
Ушықтырып жанжалды,
Жан алқымнан алады.
Ғашығының сөзіне
Амалсыз жігіт нанады.
Таудағы жаман күркесі
Аң аулаған кездегі
Есіне түсіп, әкесін
Апаруды көздеді.
Баласының бұл ойын
Әкесі бірақ сезбеді.
Кіргенде суық күркеге
Мұз қатты жастан көздегі.
Еріп келген немерем
Көрмесін деп көз жасын.
Күңіреніп жатты, күйзеліп
Қолымен бүркеп көз, басын.
Тісі тимей тісіне
Сақылдап жаурай бастады.
Баласына мұң шағып,
Жұмған аузын ашпады.
Қоштасарда әкенің
Төсегіне еңкейіп,
Күйзелді ұлы қия алмай
Күйіктен іші өртеніп.
Қабырғасы сөгіле,
Еңкілдеді егіле.
Баласын ертіп сонан соң
Кете берді жөніне.
Әкесінің ісіне
Таңырқай сәби тіл қатты
«Қалдырдың неге атаны?»
деп, бұрыла үн қатты.
- Қалауы деп анаңның
Әкесі айта алмады.
Осы сәтте баласы
Сөзін қайта жалғады,
Қартайғаныңда сені де,
Мен де алып келем бе,
Осы жерге тастауға,
Сүйікті әкем, - дегенде,
Түршігіп жаны ауырып,
Алдын ойлап бүгілді
«Әкетай, әке, кешір,” деп
Күркеге қайта жүгірді.
«Жаза бастым, жаңылдым
Жан әкешім кеш,» – деді.
Жарқ етті әке жанары,
Жанғандай болып өшкені
«Тауға апарып әкемді
Кеткенім жоқ кезінде.
Қайтып келер, балам деп
Күткен едім өзім де».
Жөнсіз бе, әлде жөнді ме
Елден шыққан әңгіме.
Ел ішінде айтылып,
Аралап жүр әлі де.
Күмәні жоқ айтылған
Әкенің сөзі орынды.
Ата-анаңды қорласаң
Қайнатар балаң сорыңды.
ара
ең жетілген компьютер секундына 16 миллиард операция орындаса, бір ара секундына 10 триллион операция жасай алады. 500 гр бал үшін 900 ара 1 күн жұмыс істесе, 1 ара 25 минутта 50 гүл, 450 гр бал үшін 17 мың ара 10 миллион гүлге қонады.
нәпсіні билеу
Тобықты елімен көршілес төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге:
- Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, - дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
- Ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының басын ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! - дейді. Оған Абай:
- Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, - депті.
тереземіздің тазалығы
Жас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне 'Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар' депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса - көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел 'О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен..' десе, 'Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым' депті күйеуі. Басқаларды қалай көретініміз - тереземіздің тазалығына байланысты.
жемісті шыбық
Бір бай кісі қарт адамның кішкене жеміс ағашының шыбығын отырғызып жатқанын көріп, оған:
- Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттеніп жатырсыз? - дейді.
Қарт:
- Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, - деп жауап береді.
Бай кісі жауабына риза болып, қартқа бір уыс ақша береді. Қарт:
- Көрдің бе балам, бұл шыбықтың жемісін міне мен де көрдім, - дейді.
көп таңдаған..
Ерте ерте ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен... Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, сынды кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Сол қызға көрші тұратын бір бозбала да қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады. Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өтіп шығады. Көрші бала ол жерден көшіп үйленеді, балашағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың үйленгенін айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді; сондағы қыздың жолдасы - кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыздың таңдап жүріп қалайша мынандайға тап болып тұрмысқа шыға салған екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға өзін танытып, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар - бірден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді.
Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соныңа қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кезкелген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз былай дейді: “Көрдің ба.. бақшадағы гүл сияқты.. алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті да шықты.”
намаз мол байлық, әрі аса маңызды
Бір күні патша екі қызметкерінің арқасына жиырма төрт алтыннан беріп, өзінің екі айлық жеке, әдемі алқабына қоныстанып, тіршілік етулерін бұйырды. "Мына қаражатты жол шығыны мен билетке жұмсаңдар, сондай ақ баспаналарыңызға қажетті зат сатып аларсындар. Бір күндік жерде бекет бар. Бекетте автобус, кеме, атарба, тіпті ұшаққа дейін бар. Қаражаттарыңызға қарап таңдап мінерсіндер" дейді. Екі қызметші бұйрық алған сон, жолға шығады. Олардың біреуі ақылды еді. Бекетке дейін аз шығындалып, онын есесіне қожайынының көнілінен шығатын сауда жасап, қалтасындағы қаражатты мың есе өсіреді. Ал екінші қызметші болса ақымақ еді. Бекетке дейін жирма үш алтынын шашып төгіп құмар ойнына жұмсайды. Бір ғана алтыны қалғанда қызметтесінің жаны ашып "Ау, саған не болды? қалған бір теңгеңді билетке бер! Ұзақ жолда аш- жалаңаш қалу қаупі бар. Қожайынымыз мейрімді, мүмкін қатеңді кешіретін шығар, тіпті ұшаққа міңгізіп қалар. Діттеген жерімізге бір күнде жетіп барамыз. Әйтпесе, екі айлық жолда аш-жалаңаш әрі жаю жүруіңе тұра келеді" деді. Апырым-ау анау адам қасарсып қолындағы бір теңесін қазнаның кілтіндей құнды бір билетке жұмсамай, өткінші лаззат үшін азғындық жолға жұмсаса, ақымақ екендігі айтпай-ақ түсінікті болар.
Мінекей, ей намазсыз жан! Ей, намазды жақтырмайтын нәпсім! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны- Раббымыз, Аллаһ, ал екі қызметші, яғни жолаушылар болса, біреуі - намазын ықыласпен оқитын, екіншісі - қапы қалған, намаздан мақрұм кісілер. Жирма төрт алтын деп отырғаны бір күндегі жирма төрт сағаттық өмір, ал жеке алқап - Жәннәт.
Бекет дегені қабыр еді. Саяхат болса, қабірге одан қашірге, одан ары маңгілік өмір әлеміне жол тартатын адам ғұмыры. Бұл жолды тақуалыққа қарай адамдар арқалап жүріп өтеді. Кейбір тақуа кісілер мың жылдық жолды бір күнде қиялдай самғап өтеді. Қасиетті Құран осы ақиқатты екі аятымен ишарат етеді. Ал билет деп отырғаны - намаз. Бес уақыт намаз дәретімен қоса есептегенде бір сағат қана уақыт алады. Апырым-ау, жирма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал сонау мәңгілік, бақи дүниеге бір сағатын қимаған адамның қаншалықты шығыңға ұшырайтынын, өзіне өзі қастандық жасайтынын аңғарған шығарсыз. Сондай-ақ, мың кісі қатысатын, мыңнан бірі ғана ұтыс мүмкіндігі бар лотерея ойынына табысынын жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз "мәгілік қазна" атты ұтысқа табысынын жирма төрттен бірін бермеу соншалықты ақымақтық екенін түсіну қиын ба?
іргетас
